Құтқару операциясы кезінде ер адам зардап шеккен жоқ
Семейде мас күйде көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
29 маусым күні сағат 13: 58-де «112» пультіне Семей қалалық полиция басқармасының кезекшісінен ер адамның автокөлік көпірінің аспалы құрылымында отырғаны туралы хабарлама түсті.
Құтқару бөлімшелері мен Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің психологы дереу оқиға орнына шықты.
Құтқарушылар оқиға орнына келгеннен соң, 1994 жылы туылған ер адам мас күйінде көпірдің аспалы құрылымдарына көтерілгенін анықтады. Ол төменге түсу туралы сөзге құлақ аспады.
«Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен аспалы көпірдің тірегіне көтеріліп, ер адамға жетіп, оны қауіпсіз жерге түсірді. Осы уақытта психолог шұғыл көмек көрсетті. Құтқару операциясы кезінде ер адам зардап шеккен жоқ. Психологпен сөйлескеннен кейін ол полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - деп жазды ТЖМ-нан.
Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.