Жантүршігерлік жол апаты: Астанада көлік LRT бағанына соғылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Астанада көлік LRT бағанына соғылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоғары жылдамдықпен жүйткіген көлік Astana LRT бағанына соғылды. Әлеуметтік желіде көлік жүргізушісі апат болған жерде қайтыс болды деп жазып жатыр.

Оқиғаға қатысты елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді:

«29 маусым күні сағат 06:04 шамасында Сығанақ көшесімен Ш.Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатқан Chevrolet Malibu маркалы автокөліктің жүргізушісі «Арыс» көпірінде рульді басқара алмай, бетон тірекке соғылды. Оқиға салдарынан 43 жастағы жүргізуші алған дене жарақатынан қайтыс болды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды».