Ақтауда итбалықтардың өлекселері табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Әзірге мұндай жағдайға не себеп болғаны белгісіз

Ақтауда теңіздің жағасынан итбалықтардың өлекселері табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Оны демалуға келген туристер байқаған. Мына видеоны куәгерлер қаладан 40 шақырым жерде түсіріп алған. Бейнекадрлерден итбалықтардың бірінің терісі сыпырылғаны көрініп тұр.

Әзірге мұндай жағдайға не себеп болғаны белгісіз.