Өртті сөндіруге бес ұшақ, төрт тікұшақ және 20 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды
Түркияның Мармарис қаласының маңында орман өртенді. Орман өрті бүгін Мугла провинциясындағы Түрік Мармарис курортында басталды, деп хабарлайды Түркияның орман басқармасы.
«Біз Мармаристегі дала өртін бес минуттан кейін сөндіре бастадық», – делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге бес ұшақ, төрт тікұшақ және 20 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды. Әлеуметтік желілерде кең таралған бейнежазбаларда Мармаристегі тұрғын үйлерге жақын жерде орман өртеніп жатқанын көруге болады.
Сондай-ақ жұма күні Антальядағы Каш курортында да орман өрті пайда болды, бірақ өрт бір сағат ішінде сөндірілді, бір гектарға жуық аумақтағы ағаштар зақымдалды.