Дәрігерлердің айтуынша, екі адамның жағдайы өте ауыр
Шығыс Қазақстанның Шемонайха қаласындағы жанармай станциясындағы өрт кезінде тағы 2 адамды күйік шалғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Зардап шеккендердің төртеуі де қазір аудандық орталық ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, екі адамның хәлі өте ауыр. Ал келесі ер адам мен әйел хирургия бөлімінде ем-дом қабылдап жатыр. 4 науқасқа үздіксіз медициналық көмек көрсету үшін Өскеменнен білікті дәрігерлер санавиациямен ұшып барды, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал жанар-жағармай станциясында жарылыстың неден болғанын анықтау үшін бірнеше құзырлы органнан бірілескен тергеу-тексеру комиссиясы құрылды.