Ол 19 маусым күні үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, содан оралмаған
Абай облысында полицейлер хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы Юрченко Александра Михайловнаны іздеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кәмелдетке толмаған қыз 19 маусым сағат 15:00-де үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, содан оралмаған.
Бойжеткен сұр түсті джинсы киген, өзімен бірге қара түсті рюкзагы болған.
Жасөспірімнің белгілері: спорттық дене бітімі, көздері жасыл, шашы ақшыл, иығынан төмен.
Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауға болады.