Зардап шеккендер жоқ
Екібастұз ауылдық аймағында мектеп пен қазандықтың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусым күні қатты желдің салдарынан Бозшакөл ауылында Бозшакөл орта мектебінің 100 шаршы метр төбесі ұшып кетті.
Сондай-ақ орталық қазандықтың да 100 шаршы метр төбесі табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмады.
Желдің жылдамдығы 17 м/с дейін құрады.