Қазіргі кезде жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өскемен қаласының ішкі істер органдарымен бірге өзара текетіресте жүрген екі қылмыстық топтың жоспарлап отырған кездесулерінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Операция барысында қала кафелерінің бірінде қылмыстық топтардың 20-дан аса қатысушысы ұсталды, кейбіреуі бұл жерге қарумен келген.
«Күдіктілерден екі «Макаров» тапаншасы, жарақаттаушы тапанша, мылтық, «тегіс ұңғылы шолақ мылтық», дауыс-жарқылды граната және 2 бірлік суық қару тәркіленді», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Қазіргі кезде жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.