Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр
Павлодарда көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусым күні сағат 04:50-де Шөкин көшесінде Mitsubishi Delica маркалы автокөліктің жүргізушісі аударылып қалды.
«Салдарынан жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Ол жол апаты кезінде көлікте жалғыз болған», – дейді департаментте.
Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккен 40 жастағы ер адам бірінші аурухананың жарақат пунктіне жеткізілгенін хабарлады. Шақыру сағат 4:56-да түскен, жедел жәрдем бригадасы сағат 5:06-да жеткен. Зардап шеккен адамның жағдайы орташа ауыр.