Жетісу облысында мотоцикл жүргізушісі 11 жасар қызды қағып, мерт қылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады

Фото: polisia.kz

Жетісу облысында мотоцикл жүргізушісі баланы қағып өлтірді, қайғылы оқиға 14 маусымда Ескелді ауданында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ешкіөлмес ауылында 11 жасар қызды спорттық мотоцикл қағып кетті. Ол аудандық ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінде есін жимастан мерт болды.

Жол-көлік оқиғасынан 38 жастағы мотоцикл жүргізушісінің өзі де қатты зардап шекті.

Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын және ерекше бақылауға алынғанын хабарлады.