Қазақстандық Таиландта 45 тәулікке қамалды - Смадияров

Автор: Azattyq Rýhy

Ол визалық режимді 4 күнге бұзған

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландта қамалған қазақстандық туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Журналистер ресми өкілден Таиландта қазақстандықтың ресейлікке жасаған шабуылы туралы сұрады.

«Біз Тай билігінен ақпарат сұраттық. Олар ақпаратты растады. Оның Қазақстан азаматы екені анықталды. Тай полициясы 45 тәулікке қамауға алды. Азамат визалық режимді 4 күнге бұзған. Басқа ақпарат түспеді. Оған тек миграциялық режимді бұзғаны үшін айып тағылып отыр. Қазақстанның Таиландтағы елшілігі тай полициясымен үнемі байланыста отыр»,- деді Смадияров.