Салдарынан қоғамдық көліктің екі жолаушысы жарақат алды
Алматыда автобус әкімшілік ғимаратына соғылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 маусым күні сағат 12:40 шамасында Спасская көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан №13 автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, әкімшілік ғимараттың қоршауына соқтығысқан.
«Салдарынан қоғамдық көліктің екі жолаушысы жарақат алып, медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы дерегі Түрксіб аудандық ПБ қызметкерлерінің өндірісінде.