Архипов Сергей 9 маусымнан бері байланысқа шықпаған
Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде тағы бір адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
1987 жылы туған Долинский орманшылығының тракторшысы Архипов Сергей Николаевич Абай облысындағы орман өртін сөндіруге көмекке кеткен. Алайда 9 маусымда онымен байланыс үзілген.
«Іздеу жұмыстарына көмек сұраймыз. Трактор нөмірі - F 937 ARE. Қоңырау белгісі – «Марал 61». "Семей орманы" Долон филиалынан өртті сөндіру үшін Каштакқа барды. Соңғы рет 9-да байланысқа шықты және осы күнге дейін ол туралы ешбір хабар жоқ. Көрген-білгендер болса, байланыс нөмірі: 8 771 582 2159»,-делінген оo_osa_semey_vko Instagram парақшасында.