Қостанай облысында ашық тұрған кәріз құдығына құлаған 2 жасар бала көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Тергеу бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды

Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысында ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен 2 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Алау порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа қатысты Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі түсінік берді.

«Тобыл қаласында кәріз құдығына құлап кеткен екі жасар баланың өліміне байланысты «Міндетке сенімсіздік таныту» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады полициядан.

Тергеу бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.