«Ұшу кезінде есінен танған»: Шымкент-Кутаиси бағытының ұшағы Шымкент әуежайына шұғыл қонды

Автор: Azattyq Rýhy

Жолаушы жедел жәрдемге тапсырылды

Шымкент-Кутаиси бағыты бойынша KC7407 рейсін орындаған әуе кемесі борттағы жолаушының жағдайы нашарлауына байланысты Шымкент әуежайына қайта қонды. Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«8 маусым күні сағат 07:09-да Шымкент-Кутаиси бағыты бойынша KC7407 рейсін орындаған әуе кемесі ұшу кезінде есінен танған жолаушының жағдайына байланысты Шымкент әуежайына қайта оралды.

Әуекомпания бортсеріктері дереу дәрігерлер (сертификатталған халықаралық дәрігерлер қауымдастығының) көмегіне жүгінді және дәрігерлер ұсынысы бойынша жолаушыға жердегі шұғыл медициналық көмек қажет болды», - делінген хабарламада.

Жолаушы жедел жәрдемге тапсырылды.

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті рәсімдерді орындап, әуе кемеге жанар-жағармай құю рәсімдерін өткізгеннен кейін Шымкент-Кутаиси бағытында ұшу жоспарлануда.