Павлодарда суға батып кеткен 17 жастағы бозбаланы іздестіріп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Оқыс жағдай Усолка өзенінде болған

Павлодарда суға батып кеткен 17 жастағы бозбаланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, шақырту сағат 15:36-да түскен. 

«Бірінші медициналық бригада оқиға орнына төрт минуттан кейін жетті. Екінші бригада үш минуттан кейін келді. Ол кезде 17 жастағы бозбаланың денесі әлі табылмаған еді», – деді департаментте. 

Тәртіп сақшылары адамдар көп жиналатын орындарда, атап айтқанда, жағажайларда, су айдындарында және Ертіс өзенінің жағалауында рейд жүргізіп, демалушыларға су жағасындағы және судағы тәртіп ережелері туралы ескертеді.