Қажетті сараптамалар тағайындалды
Ақсуда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды. 50 жастағы жаяу жүргінші жүріс бөлігін белгісіз жерден өткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, 3 маусым күні Ақсу қаласында М.Мәметова көшесімен жүріп келе жатқан ВАЗ-2108 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі 50 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол жүріс бөлігін белгісіз жерден өткен. Салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
«4 маусым Ақтоғай-Шолақсор автожолының 97 шақырымында, Жалаулы ауылының маңында Volkswagen Passat көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, кюветке түскен. Салдарынан автокөлік жүргізушісі алған дене жарақатынан сол жерде қайтыс болды», – деп жазылған хабарламада.
ЖКО фактілеріне қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.