Алматыда полицей абайсызда әріптесін атып өлтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда полицей әріптесін атып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia-ға сілтеме жасап.

«Алматы қаласы ПД 5 маусым полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды», - делінген хабарламада.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.