Маңғыстауда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 1 маусымда болған

Фото: АиФ

Маңғыстау облысында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қайғылы оқиға 1 маусымда кешкі уақытта болған.

«Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында сағат 17.79-да 2007 жылы туған жасөспірімнің рұқсат етілмеген жерде шомылып жүріп суға батып кеткені белгілі болды», - деп жазады Lada.kz.

Баланың денесін құтқарушылар жеткенше туыстары судан алып шыққан.

Жасөспірімнің жүзуге жабдықталмаған жерде суға түскені айтылды.