Ақтөбеде скутер жүргізіп келе жатқан 16 жасар бала жол апатынан қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Бейнеден кадр

Ақтөбеде скутер жүргізіп келе жатқан кәмелетке толмаған бала жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

31 мамыр күні Жангелдин және Қонаев көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігі мен скутер соқтығысқан.

Скутерді 16 жасар бала басқарған.

Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында мерт болды.

ҚР ҚК 345-бабы 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Естеріңізге сала кетейік, скутер жүргізушілері велосипед жолымен, ал егер жоқ болса, жолдың оң жақ шетінде жүруі керек» деп ескертеді полиция.