Баланың денесін жергілікті тұрғындар судан шығарып, туыстарына тапсырған
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылында жасанды су арнасынан бір үйір жылқы айдап бара жатқан жасөспірім абайсызда аттан құлап кетіп, суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой город» сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға кеше, 30 мамыр күні сағат 15:00 шамасында болған. Құтқарушыларға 12 жастағы жасөспірімнің абайсызда суға құлап кеткені туралы қоңырау түскен.
Бала денесін ол құлағаннан кейін жарты сағат ішінде жергілікті тұрғындар тауып алып, туыстарына тапсырған.