Оралда мектеп оқушысы өз қатарласының қолынан қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото ашық дереккөзден

Оралда 16 жастағы бозбала қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық көпбейінді балалар ауруханасына 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала жеткізілген. Бозбала есін жинамаған күйі жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды, қазіргі таңда сараптама жасалып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.