27.05.2023, 14:18
Оқиғалар
Ақмола облысында 10 жасар бала жаттығу кезінде көз жұмды
Кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты іс қозғалды
Фото ашық дереккөзден
Ақмола облысында 10 жасар бала жаттығу кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты іс қозғалды.
«Алдын ала анықталған мәліметтер бойынша, он жасар ұл бала Целиноград ауданының Талапкер ауылында арнайы дайындық орталығында жаттығу кезінде көз жұмған. Қазіргі кезде бала өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылатын болады», - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінен.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды