27.05.2023, 10:19
Оқиғалар
Қарағанды облысында ажырасу рәсімі кезінде ер адам әйелін өлтірді
Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото ашық дереккөзден
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылының АХАЖ ғимаратында ажырасу рәсімі кезінде ер адам әйеліне пышақ сұғып, бірнеше рет ұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Вечерняя Караганда» басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, әйел ауыр жарақаттан қайтыс болған.
Күйеуі ажырасу рәсіміне Алматыдан барған. Әйелі қызымен ұзақ уақыт бөлек тұрған.
Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді.
«Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды