Екібастұзда көшеде дәрет сындырған ер адамға айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Келеңсіз оқиға 22 мамыр күні Сәтбаев көшесінде болған

Фото: Polisia.kz

Екібастұз қаласы ПБ қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ер адамның көшеде дәрет сындырғанын анықтады. 21 жастағы азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы бұл фактінің 22 мамырда Сәтбаев көшесінде болғанын анықтады. 21 жастағы азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, соттың қарауына жіберілді. Ер адам кінәлі деп танылды. Оған 48 300 теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Жалпы, Екібастұз өңірінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 286 адам жауапқа тартылды, оның ішінде 164 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 122 азаматқа 5-тен 20 АЕК-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салынды», – деді Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қанат Кәрімжанов.