Өртті сөндіруге өзге өңірлер жұмылдырылды
Абай облысындағы орман өртіне қатысты жағдай бақылауда. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхавев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құтқарушылар мен орманшылар өз жұмыстарын жалғастыруда. Оқиға орнында 400-ден аса адам, 100-ге тарта техника, 3 тікұшақ жұмылдырылды. Қатты желдің салдары өртті сөндіруге қиындық тудырды. Алдын ала болжам бойынша 3 мың га жуық орман алқабы өртеніп кетті. Жедел штаб өзінің жұмысын үздіксіз жалғастыруда. Қызыл жалында оқшаулау және жою бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр», - деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, бір күн бұрын үш өрт ошағын сөндіру жұмыстары жүргізіліп, оның екеуі локализацияланып, сөндірілді.
«Бүгінде жұмыс жалғасуда, бірақ өрттің орманда болғаны жұмысты қиындатып жатыр», – деді Нұрлан Ұранхаев.
Желдің екпіні мен батпақты жерлер де техниканың жұмысын қиындатады. Бүгінде барлық күш пен құралдар жұмылдырылды. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі арқылы Астана, Павлодар және Қарағанды облыстарынан арнайы техника мен 130 адам жіберілді. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі тікұшақ, ауыр техника және жүзден астам жеке құрам жіберді.
Аймақ басшысының айтуынша, өртті сөндіру жұмыстары бақылауға алынған. Тұрғындар мен елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.