Кәмелетке толмаған бала Өскеменге бармақ болған
Өскемен-Риддер автожолының 14 шақырымында Белоусовка кентінің жанында патрульдік полицияның 146 батальонының экипажы патрульдеудеу кезінде жолдан бала табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған бала облыс орталығына қарай бет алған.
«Бала бір өзі жол бойымен кетіп бара жатты. Полицейлер балаға жақын барып, оны қызметтік көлікке отырғызып, оның жақын маңдағы полиция бөлімінің жеткізді. Кәмелетке толмаған баланы Белоусовка полиция бөліміне әкеліп, оны қызметкерлерге тапсырды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ауыл полицейлері баланың анасын тауып, оны соған тапсырды.