Қазақстан шекарасынан 25 млн теңгенің темекісін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар 43 мың қорап темекіні контрабандалық жолмен өткізбек болған

Фото: pixabay.com

Жамбыл облысында шекарашылар контрабандалық тауар алып өтпек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Меркі ауданының «Кеңес» шекара бөлімшесінің аумағында Қазақстан Республикасына 43 мың қорап темекі өнімін заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті. Тауар бағасы 25 млн астам теңгені құрайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Анықталған тауар процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.