Оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды
Алматы тауларында жоғалған аустралиялықтың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Хабарламада 21 мамыр күні Jake Michael Үлкен Алматы көліне серуендеу үшін Қазыбек би көшесі, 66 үйде орналасқан «727» хостелінен шыққаны жазылған.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында БАО-дан алыс емес жерде Аю-Сай шатқалында зорлық-зомбылық белгілерінсіз қайтыс болған 1995 жылы туған Herd Jake Michael-дың денесі табылды. Жеке заттары өзімен бірге болды. Кісі өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.