Өртті сөндіруге жеке құрамның 19 адамы мен 4 техника жұмылдырылған
Елордадағы салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Тұрғындардың айтуынша, оқиға орнынан жарылысы дауыстары шыққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«23 мамыр күні сағат 16:28-де Астана ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Мұхаметханов көшесіндегі жаңадан салынып жатқан нысанда өрт шыққаны туралы хабарламаға шықты. Келгеннен кейін елордалық өрт сөндірушілер келген соң, 6 минуттан кейін 3 газ баллоны жарылған. Сондай-ақ 15 орамнан тұратын жабындық материал өртенді», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 16:45-те оқшауланды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 19 адамы мен 4 техника жұмылдырылған.