Атырауда 29 жастағы қыз биіктіктен құлап, көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның жүйке ауруларымен есепте тұрғаны анықталды

Фото ашық дереккөзден

Атырауда 29 жастағы бойжеткен биіктіктен құлап, мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға бүгін, 23 мамырда жергілікті уақытпен сағат 11:30 шамасында болған.

«Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан 1994 жылы туған азаматша құлаған. Бойжеткен оқиға орнында қаза тапты. Оның жүйке ауруларымен есепте тұрғаны анықталды», - деп мәлімдеді Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір полиция қызметкерлерінен құралған жедел топ аталған оқиғаға байланысты тергеу амалдарын бастады.