Қазіргі кезде тергеу іс-шаралары жүріп жатыр
Алматы облысының полицейлері ірі ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 7 сәуірде Қонаев ҚПБ-ға Шеңгелді ауылының 55 жастағы тұрғыны үйден алтын бұйымдарын ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау туралы жазбаша арызданған.
«Тергеу-жедел тобы күдіктілердің үйге пластикалық терезе арқылы кіріп, жалпы сомасы 4 млн 170 мың теңге көлемінде ұрлық жасағанын анықтады. Дерек облыс орталығының полициясында ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 3- тармағы бойынша тіркелді. 1992, 1997 және 1996 жылғы күдіктілер тобы анықталды. Қазір олардың барлығы қамауға алынды.», - делінген хабарламада.
Күдіктілер Қонаев қаласының аумағында төрт ұрлық дерегін жасағанын және көршілес өңірдегі үш эпизодты мойындап отыр.
Қазіргі кезде тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.