Алматыда ер адам бейтаныс әйелді көшеде ұрып-соқты

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады

Алматыда белгісіз ер адам көшеде әйелді ұрып-соқты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ондағы жазбада оқиға Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысы аумағында болғаны жазылған.

Қалалық полиция департаменті Әуезов аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны шағымданғанын хабарлады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, 1992 жылы туған бейтаныс адам оны себепсіз ұрып-соққан.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жәбірленушінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.