Алматыда көпқабатты үйдің кіреберіс балконынан секірген бойжеткен қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

t.me/kozachkow

Алматыда көпқабатты үйдің кіреберіс балконынан бойжеткен қыз құлап кетті. Оқиға орнынан түсірілген фото, видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (Өз-өзін өлтіруге жеткізу) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін хабарлады.

«Болжам бойынша өз-өзіне қол салған 2000 жылы туған В. есімді азаматша. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.