Шымкентте терезеден секірген науқас суицид жасаған

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір ведомство қызметтік тергеу жүргізуде

Фото ашық дереккөзден

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы науқастың өзі №1 қалалық аурухананың үшінші қабатының терезесінен секіргенін растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазір ведомство қызметтік тергеу жүргізуде.

Оқиға 18 мамырда түнде болды. Науқас түнгі сағат 23:10 шамасында аурухананың үшінші қабатының терезесінен секіріп кетті. Сол аумақтан 72 жастағы ер адамның денесі табылды. Алған жарақаттарына байланысты ол сол жерде қайтыс болды.