Оқиға орнынан түсірілгени видео әлеуметтік желіде тарады
Астанада жүк көлігі үш бірдей көлікті соғып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жол апаты 14 мамыр күні болған. HINO жүк көлігінің жүргізушісі Тұран даңғылымен Керей-Жәнібек хандар көшесінен Орынбор көшесіне қарай келе жатып, рөлге ие алмай Toyota Camry, Volkswagen Passat, Toyota Hilux маркалы үш көлікті соққан.
Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнынан түсірілгени видео әлеуметтік желіде тарады.
Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, HINO көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.