Таразда 12 жастағы бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды

Фото ашық дереккөзден

Таразда 12 жастағы бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тараз қаласы Полиция басқармасымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жасы кәмелетке толмаған баланың «Subaru» маркалы автокөлігін басқарған бейнежазбасы анықталды.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде автокөліктің иесі анықталды.

Көлік иесінің айтуынша 12 жастағы баласы автокөлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Оның бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде жүргендігі туралы білмеген.

Ол ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК айыппұл салынды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Кәмелет жасқа толмаған баламен және ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.