Қостанайлық полицейлер суицид жасамақ болған қызды аман алып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қыз бала өз әрекетіне жас жігітпен жанжал себеп болғанын айтты

Лисаков қаласының 102 пультіне Әйет өзенінің жартасында қыздың тұрғанын, суға құлап кетуі мүмкін екендігі туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Автопатруль қызды жедел тауып, қайғылы оқиғаның алдын алды.

«Біз айтылған орынға уақытында келдік, өйткені 18 жасар қыз күйзеліс жағдайында болды. Оның биік жағалауда тұруына жас жігітпен жанжал себеп болған», - деді деді тәртіп сақшысы.

Қыздың әкесі қызын құтқарғаны үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне алғысын айтты. Қазіргі уақытта онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінде полиция қызметкерлері Сейл Құрбановтың ішкі істер органдарында 2018 жылдан бастап, Әйтен Шайдановтың 2008 жылдан бері қызмет етіп келе жатқанын атап өтті.