Жамбылда 80 жастағы қария кішкентай қыздың ұялы телефонын алдап алып кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Ол телефонды алмаға айырбастап алған

Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып кеткен, деп хабарлады Azattyq Ryhy.

ОБлыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін хабарлаған.

«Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқалы алмаға айырбастап алған», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«80 жастағы ер адам ұсталды. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон тәркіленді», - делінген хабарламада.