Екібастұзда пәтерде өрт болып, бір адам ес-түссіз күйде табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр

Екібастұзда өрт болған үйден ес-түссіз жатқан адам табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамырда сағат 17:06-да Королев көшесі, 84 мекенжайы бойынша пәтерден түтін шыққандығы туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына келгенде жиһаз және кіреберістің жанып жатқаны анықталды. Өрттің көлемі төрт шаршы метрді құрады. Сондай-ақ пәтер иесі ес-түссіз күйде жатқан. Өрт сөндіру бөлімі үш адамды эвакуациялады, бір адам – 1966 жылы туған пәтердің иесі құтқарылды», – дейді департаментте. 

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. 

Үш техника және Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 10 адам жіберілді. Өрт сағат 17.25-те оқшауланып, сағат 17:37-де толығымен жойылды.