Оралда көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жасар қыз құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның себептері бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Оралда полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жасар қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

102 арнасына кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы өтініш 12 мамыр кешке келіп түскен.

«Департаменттің барлық жеке құрамы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылды. Қыз бала таңертеңгі уақытта көп қабатты үйлердің бірінің төбесінде секіргелі тұрған жерінен табылды. Ювеналды полиция инспекторлары Рамазан Жадигеров пен Әділ Сахипкереев баланы уақытында райынан қайтарып, аман алып қалды», - делінген хабарламада.

Қазір жасөспіріммен психологтар жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.