Кентау саябақтарының бірінде ат үстіндегі ер адам кішкентай қызды қағып өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған

Түркістан облысының полиция департаменті зардап шеккен қыздың әкесі арыз жазудан бас тартқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қызына қатты зақым келмеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Кентау әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған фактіні тексеру жүргізілуде.

Жылқы иесіне қандай жаза тағайындалатыны әзірге белгісіз.

«9 мамырға қараған түні Кентау қаласының орталық ауруханасынан ата-анасымен қыдырып жүрген кішкентай қызды саябақта жылқысын бағындара алмай қалған ер адам абайсызда қағып өткені туралы хабарлама келді. Бұл факт Кентау қалалық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде», - деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.