Бұзақылық әрекеттер жасады деген күдікпен 2003 жылы туған азамат ұсталды
Петропавлда 16 жастағы 3 жасөспірімді белгісіз біреулер соққыға жыққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«7 мамыр күні сағат 00:58-де Петропавл полициясына Интернациональная көшесінің бойында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Белгісіз адамдардың жанжалы кезінде 16 жастағы үш жасөспірімге дене жарақаты салынған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелді», - делінген хабарламада.
Бұзақылық әрекеттер жасады деген күдікпен 2003 жылы туған азамат ұсталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.