Африка республикасының билігі хабарлағандай, 4 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кеткен
Конго демократиялық республикасының шығысындағы оңтүстік Киву провинциясында (ДРК) су тасқынынан қаза тапқандар саны 438-ге дейін жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, екі күн бұрын Бушушу және Ньямукуби ауылдарында басталған нөсер жаңбыр Чибира өзенінің тасуына себеп болды.
Үкіметтің өкілі Патрик Муйайя жоғалған 26 адамның денесі табылғанын хабарлады.
Оның айтуынша, жоғалған адамдардың саны 4 мыңнан асады.
Аймақ тұрғындарының көп бөлігі хабар-ошарсыз кеткен. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Тропикалық климат аймағында орналасқан Конго демократиялық республикасы жаңбырлы маусымда табиғи апаттарға жиі ұшырайды.