Павлодар облысында 30 жастағы әйел балабақша күзетшісін өлтірді деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін ол жасаған қылмысы үшін кінәлі емес деп есептеледі

Екібастұзда балабақша күзетшісін өлтірді деген күдікпен 30 жастағы әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Осы қылмысты жасады деп күдіктелген 30 жастағы әйел қамауда ұсталады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.