Павлодарда қоқыс полигоны өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Жалын жалпы ауданы 1,5 гектар жерге тараған

Павлодарда қоқыс үйіндісі өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«11 мамыр күні сағат 17:06-да Павлодар қаласында Успен көпірінің артында қалалық қоқыс үйіндісінде түтін шығып жатқаны туралы 101 пультіне хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер полигонының жанып жатқанын анықтады», - делінген хабарламада. 

Өрт шыққан жерге Павлодар облысы ТЖД 1 техникасы мен 3 қызметкер, жергілікті атқару органынан 5 су тасу техникасы, «Эко Алем-ПВ» ЖШС 12 КАМАЗ, 5 жүктиегіш техникасы жұмылдырылды.