Тергеу сотының санкциясымен ол күзетпен ұстауда
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында халықаралық іздестіруде күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болған күдікті теріс пиғылды кәсіпкерлерге жоқ қызметтер мен жұмыстар үшін жалған шот-фактуралар жазып берген.
«Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал жарты миллиардтан астам (514, 6 млн) теңгені құрады. Тергеу сотының санкциясымен ол күзетпен ұстауда, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыс жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген адамдарды іздестіруді жандандыру жұмыстары жалғасуда», - делінген Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасында.