Жетісу облысында қараусыз жүрген жылқының кесірінен көлік жүргізушісі мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды

Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында қараусыз жүрген жылқының кесірінен көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Daewoo Nexia автокөлігінің қатысуымен Үшарал – Достық тас жолының 48 шақырымында болды. Автокөлік жүргізушісі жолда бос жүрген жылқымен соқтығысқан. Жол апатынан 44 жастағы ер адам қаза тапты. 41 жастағы автокөлік жүргізушісі де ауруханаға жатқызылды.

ЖКО дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес жүргізіліп жатыр.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды ҚР жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қауіпсіздік талаптарын елемеу қайғылы салдарға әкеледі. Жыл басынан бері облыстың автожолдарында 126 ЖКО тіркеліп, 36 адам қаза тауып, 186 адам жарақат алды.