Атырауда 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры жанып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Қызыл жалын 700 шаршы метр аумақты шарпыды

inform.kz

Атырауда 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры жанып жатыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің мәліметінше, өрт, бүгін жергілікті уақытпен сағат 19:22-де тұтанған.

«Өрт 10 қабатты тұрғын үйдің шатырында тұтанып, 700 шаршы метр аумақты шарпыды. Облыстық төтенше жағдайлар туралы департаментінің күштік құралдары жалынды сөндіріп жатыр», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, бұл – соңғы жылдары пайдалануға берілген «Лагуна» тұрғын кешені.

Жаңа тұрғын үй Атырау қаласындағы Махамбет Өтемісұлы көшесінде №123 мекенжайында орналасқан.