Бурабайда казино заңгеріне 185 млн теңге айыппұл салынды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол 20 мың доллар пара бергені үшін кінәлі деп танылды

Коллаж: Azattyq Ruhy

2 мамырда Бурабай аудандық сотының үкімімен казиноның заңгері елеулі мөлшерде пара бергені үшін сотталып жиырма есе мөлшерде айыппұл салынды, хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Айыппұл сомасы 184,5 млн теңгені құрайды. Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелері оң шешілуі мақсатында 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды», - деп хабарлады Антикор.

Сотталған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.